Гулмурод Халимов жайлы мәлімет алу үшін 3 млн долларлық сыйақы тағайындалды
АҚШ Мемлекеттік хатшысының қауіпсіздік істер жөніндегі орынбасары қашып жүрген тәжік азаматы полковник Гулмурод Халимовтың тағдырынан хабар алу үшін 3 млн долларлық сыйақы тағайындады.
ИИР Телерадио бірлестігінің әлемдік қызмет торабына қарасты тәжік радиосының «Top TJ» сайтына сілтеме жасап хабарлауынша, Курт Райс Тәжікстан ақпарат құралдары тілшілеріне берген сұхбатында: «Тәжікстан Ішкі істер министрлігіндегі арнайы күштердің бұрынғы қолбасшысы полковник Гулмурод Халимов АҚШ Мемлекеттік департаментінің қауіпті адамдар тізіміне енгізілген.
АҚШ-тың бір әскери базасында біліктілікті жоғарылату курсынан өткен Халимов енді ДАИШ лаңкестік тобы басшыларының арасында маңызды тірекке айналды»,-деп мәлімдеген.
Тәжікстан Ішкі істер министрлігіндегі арнайы күштердің бұрынғы қолбасшысы 40 жастағы полковник Гулмурод Халимов 2015 жылдың сәуір айының аяғында жоғалып кетті. Сол жылдың мамыр айының соңында ол YouTube әлеуметтік сайты арқылы бір бейнежолдау таратып, өзінің ДАИШ лаңкестік тобына қосылғанын жариялады.