БҰҰ үш миллион босқынды қабылдағаны үшін Иранға алғыс айтты
(last modified Mon, 05 Sep 2016 09:09:26 GMT )
Қыр 05, 2016 15:09 Asia/Almaty
  • БҰҰ үш миллион босқынды қабылдағаны үшін Иранға алғыс айтты

БҰҰ Бас хатшысының гуманитарлық істер жөніндегі орынбасары ИИР-н әлемдегі ең көп босқынды қабылдаушы мемлекет деп атады.

ИРНА-ның мәліметі бойынша, БҰҰ Бас хатшысының гуманитарлық істер жөніндегі орынбасары Стивен О'Брайен жексенбі күні Иран Ішкі істер министрі Алиреза Рахмани Фазлимен кездесуінде ИИР-на босқындардың қабылдағаны үшін алғыс айтып: «Иран тарихи қонақжайлығымен үш миллион босқынды қабылдап отыр»,- деді.

Стивен О'Брайен Иранның солтүстігіндегі су тасқынында 4 адамның қаза болғанына көңіл айтып: «ИИР табиғи апаттармен қарсыласу саласында көптеген тәжірибеге ие. Әлемдік қоғамның пікірінше бұл салада Иранның тәжірибесі мен мүмкіндіктерін  пайдалану  керек» деді. Иранның Ішкі істер министрі де бұл кездесуде «Иранда дағдарысты бақылау халықтың мойнында. Иранда жедел жәрдем көрсететін ұйымдардың негізгі міндеті – апатты алдын ала болжау, соған қатысты жылдам шара қолдану және апат орын алған жердің халқына жылдам жедел жәрдемді жеткізу»,- деді. Рахмани Фазли күнделікті тұрмысқа қажет өнім егудің Ауғанстан қоғамының жағдайын жақсартып, есірткі өндіру мен оның контрабандасын азайтатынын айтып: «Егер бұл салада халықаралық ынтымақтастық жасалмаса, аймақ пен әлемдегі есірткі контрабандасының 60 миллиард долларлық қаржы айналымынан лаңкестік пен есірткі контрабандасының бірігуінің қатері байқалады»,- деп мәлімдеді.