Ислам әлемі Саудия мен сионистік режимнің келісім жасағанына наразылық білдірді
Арабстанның израильдік бір компаниямен қажылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін келісімге қол қоюы ислам әлемінің айыптауына ұшырады.
Ал-Ақса мешітінің құтбагері шейх Акраме Сабери израильдік G4S компаниясының араб және исламдық қоғамдарға енгені туралы ескертіп, бұл компанияның қажыларға қатысты мәліметтер мен қауіпсіздік істеріне рұқсаты жоқ екендігін қуаттады.
Ал-Ақса мешітінің құтбагері Сауд Арабиясы мен сионистік режим арасында келісімнің жасалуын араб және исламдық қоғамдарға ықпал ету мақсатын көздейді деп, қажыларға қызмет көрсетуде израильдік компанияға жүгінуді харам деп атады.
Арабстан қажылардың қауіпсіздігін қамтамасыз етіп, олардың істерін бақылау үшін қажылық маусымында электронды браслеттер арқылы израильдік G4S компаниясымен серіктестік келісімін жасады.
G4S компаниясы Израильдің түрмелерін қорғау жауапкершілігіне ие.