АҚШ Сауд Арабиясына құны 115 млрд долларды құрайтын қару-жарақ ұсынды
https://itolqyn.com/news/world-i14224-АҚШ_Сауд_Арабиясына_құны_115_млрд_долларды_құрайтын_қару_жарақ_ұсынды
АҚШ Президенті Барак Обама Сауд Арабиясына құны 115 млрд долларды құрайтын қару-жарақ сату туралы ұсыныс жасады.
(last modified 2025-09-22T12:04:09+00:00 )
Қыр 08, 2016 20:21 Asia/Almaty
  • АҚШ  Сауд Арабиясына құны 115 млрд долларды құрайтын қару-жарақ ұсынды

АҚШ Президенті Барак Обама Сауд Арабиясына құны 115 млрд долларды құрайтын қару-жарақ сату туралы ұсыныс жасады.

Reuters ақпарат агенттігінің құпия баяндама негізінде хабарлауы бойынша, соңғы 71 жылда АҚШ-тың Сауд Арабиясына жасаған ең жоғары қару-жарақ ұсынысы саналатын осы ұсынысқа қару-жарақ пен құрал-жабдық сату және әскери дайындықтан өткізу де жатады. АҚШ-тың Халықаралық саясат орталығындағы Уилльям Хартонг тарапынан дайындалған бұл баяндама  бөлек-бөлек 42 келісімшарттан тұрады. Оның негізгі бөлігі әлі Сауд Арабиясына жіберілмеген.