АҚШ Сауд Арабиясына құны 115 млрд долларды құрайтын қару-жарақ ұсынды
Қыр 08, 2016 20:21 Asia/Almaty
АҚШ Президенті Барак Обама Сауд Арабиясына құны 115 млрд долларды құрайтын қару-жарақ сату туралы ұсыныс жасады.
Reuters ақпарат агенттігінің құпия баяндама негізінде хабарлауы бойынша, соңғы 71 жылда АҚШ-тың Сауд Арабиясына жасаған ең жоғары қару-жарақ ұсынысы саналатын осы ұсынысқа қару-жарақ пен құрал-жабдық сату және әскери дайындықтан өткізу де жатады. АҚШ-тың Халықаралық саясат орталығындағы Уилльям Хартонг тарапынан дайындалған бұл баяндама бөлек-бөлек 42 келісімшарттан тұрады. Оның негізгі бөлігі әлі Сауд Арабиясына жіберілмеген.
Тегтер