Керри: Сирияда атысты тоқтату бітімі бейбітшілік орнатудағы соңғы мұрсат
(last modified Tue, 13 Sep 2016 05:31:42 GMT )
Қыр 13, 2016 11:31 Asia/Almaty
  • Керри: Сирияда атысты тоқтату бітімі бейбітшілік орнатудағы соңғы мұрсат

Американың Мемлекеттік хатшысы Сириядағы атысты тоқтату бітімін бейбітшілік орнатудағы соңғы мұрсат деп атады.

"Рейтер" агенттігінің мәліметі бойынша, Американың Мемлекеттік хатшысы дүйсенбі күні осы ел мен Ресей арасында Сирияда атысты тоқтату келісімі жасалған соң Вашингтонда өткен хабар отырысында: «Сириядағы атысты тоқтату бітімі біртұтас Сирияда бейбітшілік орнатудағы соңғы мұрсат  болуы мүмкін. Сирияда атысты тоқтату бітімінің бұзылған жайттары туралы әрекідік хабарлардың жарияланатындығына күмән жоқ. Атысты тоқтату бітімін жүзеге асыру басталғаннан кейінгі алғашқы хабарлар Сириядағы қатігездіктер қарқынының біршама азайғанын көрсетіп отыр» деді.

Ресей мен Америка арасындағы Сирияда атысты тоқтату келісімі дүйсенбі күні түннен бастап жүзеге асырылды.

ДАИШ пен ан-Носрат майданы сынды лаңкестік топтар бұл келісімнен тысқары. Олардың позицияларына шабуыл жасауға тыйым салынған жоқ.