АҚШ-тың Өкілдер палатасы сионистік режимге əскери көмек көрсетуді қолдады
https://itolqyn.com/news/world-i14557-АҚШ_тың_Өкілдер_палатасы_сионистік_режимге_əскери_көмек_көрсетуді_қолдады
АҚШ-тың Өкілдер палатасы қарар бекітіп, бұл елдің сионистік режимге əскери көмек көрсетуін қолдады.
(last modified 2025-09-22T12:04:09+00:00 )
Қыр 14, 2016 19:41 Asia/Almaty
  • АҚШ-тың Өкілдер палатасы сионистік режимге əскери көмек көрсетуді қолдады

АҚШ-тың Өкілдер палатасы қарар бекітіп, бұл елдің сионистік режимге əскери көмек көрсетуін қолдады.

АҚШ-тың Өкілдер палатасының шетелдік қатынастар комитетінің хабарлауынша, АҚШ-тың Израиль режиміне жаңадан он жыл бойы əскери көмек беру пакеті жарияланғаннан кейін АҚШ-тың Өкілдер палатасы сейсенбі күні Флорида штатының республикашыл өкілі Илина Рос-Лахтинен ұсынған Израильдің барлық сын-қатерлерге қарсы қорғаныс қабілеті мен əскери артықшылығын сақтап қалатындығына сенімді болу үшін АҚШ-тың жасап жатқан талпыныстарын қолдауға бағытталған жобасын бекітті. 

Бір күн бұрын АҚШ-тың Өкілдер палатасы қарарлар бекітіп, Германиядан Холокост құрбандары жанұяларының қаржылай жəне əл-ауқаттық қажеттіліктерін өтеуге қатысты өзінің қаржылай міндетіне берік екенін тағы да растауды сұрады. 

Америкалық жəне сионистік хабардар көздердің хабарлауынша, АҚШ пен сионистік режим АҚШ-тың Израилге құны кемінде 38 млрд долларды құрайтын əскери көмек пакетін беру туралы қорытынды келісімге келді. 

Америкалық жəне сионистік хабардар көздердің хабарлауынша, 10 жылға арналған АҚШ-тың Израилге қаржылай көмек келісіміне алдағы бірнеше күннің ішінде қол қойылатын болады.