Қыр 17, 2016 22:41 Asia/Almaty
  • Украинаның астанасы Киев қаласында Ресейдің елшілігіне шабуыл жасалды

Украинаның Премьер-министрі Киевтегі Ресейдің елшілігіне жасалған шабуылды болмашы оқиға деп атады.

Ресейдің Қырым түбегінде сайлау өткізу жобасына наразылық білдірген қарсыластардың бір тобы Киевте Ресейдің елшілігіне шабуыл жасады.  Бұл оқиға жергілікті уақыт бойынша сенбі күні сағат түнгі 01:00-да орын алды.

20-ға жуық белгісіз адам Ресейдің Қырым түбегінде сайлау өткізу жобасына наразылық ретінде Киевтегі Ресейдің елшілігіне шабуыл жасады. Наразылар Ресей елшілігі ғимаратының жанына тез жанатын заттарды пайдаланып, от жаққаннан кейін тарап кетті.    

Тегтер