Иран Сауд Арабиясының уәждеріне реакция білдірді
https://itolqyn.com/news/world-i14743
ИИР-ның БҰҰ-дағы тұрақты өкілдігі Сауд әулеті режимінің Иран тарапынан Йеменге қару-жарақ жіберілгені туралы уәждерін теріске шығарды.
(last modified 2025-01-08T10:35:21+00:00 )
Қыр 18, 2016 15:04 Asia/Almaty
  • Иран Сауд Арабиясының уәждеріне реакция білдірді

ИИР-ның БҰҰ-дағы тұрақты өкілдігі Сауд әулеті режимінің Иран тарапынан Йеменге қару-жарақ жіберілгені туралы уәждерін теріске шығарды.

ИИР-ның БҰҰ-дағы тұрақты өкілдігі сенбі күні мәлімдеме таратып, Сауд Арабиясы режимінің Иранды "Йеменге қару-жарақ жіберді және Қауіпсіздік кеңесінің №2216 қарарын бұзды" деп айыптаған уәждерін теріске шығарып, оны негізсіз деп атап: «Эр-Риядтың бұл уәждерінің мақсаты – өзінің Йемендегі қылмыстарын жасыру. Сауд Арабиясының өзі Йемен халқымен соғысу үшін ондаған миллиард долларға қару-жарақ сатып алып, қолданып жатқанда   Қауіпсіздік кеңесіне Йеменде қару қолданылу жайлы шағым айтатыны таң қалдырады. ИИР Йеменде әскери шешім жолын қолдануды қолдамайды, сондықтан әрдайым қайшылықтарды диалог, бейбіт әрі заңды жолдар арқылы шешуді талап етіп келеді»,-деп баса айтты.