Украина Ресей азаматтарының дауыс беру үшін осы елдің елшілігіне кіруіне кедергі жасады
https://itolqyn.com/news/world-i14755-Украина_Ресей_азаматтарының_дауыс_беру_үшін_осы_елдің_елшілігіне_кіруіне_кедергі_жасады
Ресейдің ақпарат құралдары украиналық күзетшілердің сол елдегі Ресей елшілігіне адамдардың кіруіне кедергі жасағаны туралы хабарлады.
(last modified 2025-11-05T11:24:26+00:00 )
Қыр 18, 2016 19:40 Asia/Almaty
  • Украина Ресей азаматтарының дауыс беру үшін осы елдің елшілігіне кіруіне кедергі жасады

Ресейдің ақпарат құралдары украиналық күзетшілердің сол елдегі Ресей елшілігіне адамдардың кіруіне кедергі жасағаны туралы хабарлады.

«Спутник» хабар агенттігі жексенбі күні Ресейде Дума сайлауы басталып, әлемнің 145 елінде тұратын Ресей азаматтарының дауыс беру бағдарламасы жүзеге асырылудан бірер сағат өткен соң украиналық күзетшілердің полициялық иттерімен Ресейдің Украинаның астанасы Киевтегі елшілігінің есігінің алдында тұрып, адамдардың ішке енуіне кедергі келтіргендерін хабарлады.

Ресейдің елдің ішінде дауыс беру құқығына ие 109 миллион 820000 азаматы, сонымен қатар әлемнің 145 еліндегі Ресейдің елшіліктері мен саяси өкілдіктерінде, соның ішінде Украинадағы  2 миллионға жуық ресейліктің дауыс беруі үшін өткізіліп жатқан сайлауы Думаның жұмыстарының жетінші кезеңі үшін 450 орынды анықтайды.  

Киевтің Украинада тұратын ресейліктердің Дума сайлауына дауыс беруі үшін кедергі жасауға шешім қабылдауына қарамастан Ресей өзінің дипломатиялық орталықтары мен өкілдіктерінде дауыс беретін төрт участок орнататынын хабарлады

Украинаның СІМ осы салада серіктестік жасау үшін Қырым түбегінде дауыс берілмеуді, осы аймақ үміткерлерінің есімдерін сайлау тізімінен алып тастауды шарт етіп қойған болатын

Мәскеу мен Киевтің байланысы 2014 жылдың наурыз айынан Қара теңіз жағалауындағы Қырымда референдум өткізіліп, соның нәтижесінде Қырым Украинадан бөлініп, Ресейге қосылғаннан кейін суып кетті.