Арабстанның 11 қыркүйек оқиғасындағы рөлі әшкере етілді
Гуантанамо түрмесіндегі америкалық тұтқындардың бірі әл-Сауд режимінің 11 қыркүйек оқиғасында рөл атқарғанын әшкере етті.
Гуантанамо түрмесінде отырған америкалық тұтқындардың бірі Ғасем Абдолла аш-Шараби Сауд Арабиясының әулеті мүшелерінің бірінің 2001 жылдың 11 қыркүйек оқиғасынан бұрын оны лаңкестік және диверсиялық амалдарды орындауға жұмысқа тарту үшін әрекет жасағанын айтты.
Аталмыш тұтқын сөзінің жалғасында Арабстан әулеті мүшелерінің бірінің 11 қыркүйек оқиғасын жүзеге асырған адамдармен байланыста болғанын мәлімдеді.
Гуантанамо түрмесіндегі бұл тұтқынның Сауд Арабиясының 11 қыркүйек оқиғасындағы рөлін әшкере етуі Америка Конгресі таяуда 11 қыркүйек шабуылдарында құрбан болғандардың отбасы мүшелеріне сотта Сауд басшыларын осы шабуылдарға қатыстылықпен айыптап, шығынның орнын толтыруды талап етуге рұқсат беретін заңжобасын бекіткен жағдайда орын алып отыр.
Америкалық заң шығарушы орган биылғы жылдың шілде айында ұзақ уақыт бойы жасырын қалып келген «28 беттік» есеп деп аталатын, ұшақ ұрлаушылар мен Сауд басшылары арасындағы күдікті байланыстарды қамтыған 11 қыркүйек оқиғасы туралы Конгрестің есебінің бір бөлігін жариялады.
Осы есепте 11 қыркүйек оқиғасының басты орындаушылары саналатын ұшақ ұрлаған 19 адамның 15-нің Сауд Арабиясының азаматтары болғаны айтылған.