Ансаролла: Йеменнің қоршауға алынуына қатысты БҰҰ- ның үнсіздігі таңданыс тудырады
(last modified Wed, 24 Feb 2016 15:44:42 GMT )
Ақп 24, 2016 21:44 Asia/Almaty
  • Ансаролла: Йеменнің қоршауға алынуына қатысты БҰҰ- ның үнсіздігі таңданыс тудырады

Ансаролла халықтық қозғалысының саяси кеңесінің мүшесі Бахити БҰҰ- ның Йеменнің қоршауға алынуына қатысты үнсіздігіне таң қалып отырғандарын мәлімдеп:

"Егер жағдай осы күйінде қалатын болса, бұл БҰҰ- ның кері рөлін көрсетеді.

Атыс тоқтатудың Ансароллаға пайдалы болмағандығына қарамастан, Эр- Риядтағы топ атыс тоқтатуға қарсы болып отыр.

Азық-түлік көмектерін тиеген көптеген кемелер Сауд Арабиясының қоршауына байланысты теңіз айлақтарына кіре алмайды. Женева отырысы сәтсіздігінің негізгі себебі гуманитарлық тұрғыдағы атыс тоқтатуды саяси мақсаттарға жету үшін пайдалану болып табылады.

Ансаролла қозғалысы сұхбаттасу, атыс тоқтату және Йемен халқына пайдалы шараның барлығына дайын» деді.