Иран АҚШ-тың Сирия әскерінің позицияларына жасаған шабуылын айыптады
Иран Сыртқы істер министрлігінің баспасөз хатшысы АҚШ әскери ұшақтарының Сирия әскерінің бұл елдің Дейр эз-Зор облысындағы позицияларына жасаған шабуылын айыптады.
Иран Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметінің мәліметі бойынша, Баһрам Ғасеми жексенбі күні америкалық ұшақтардың Сирия әскерінің позицияларына жасаған шабуылына реакция білдіріп: «ДАИШ лаңкестік тобының шабуылымен бір мезгілде жасалған АҚШ-ның әрекеті Сирияның тәуелсіздігі мен ұлттық егемендігін бұзады. Мұндай әрекет лаңкестік топтардың Сирияда АҚШ-тың қолдауына ие екендігін көрсетеді. АҚШ күштерінің шабуылы Сириядағы лаңкестікпен күрес пен бұл елде тұрақтылық орнатуға көмектеспек түгілі, атысты тоқтату келісіміне жасалған қоқан-лоққы болып, қауіпсіздік кеңесінің қарарларында лаңкестік топ деп аталған топтардың әрекеттерін күшейтуге жағдай тудырады. АҚШ-тың әрекеті халықаралық заңдар мен міндеттемелерге және БҰҰ-ның мүшелерінің, әсіресе бұл ұйымның Қауіпсіздік кеңесінің мүшесінің міндетіне қайшы»,- деді.