Трамп жеңіске жеткен жағдайда Ресей онымен ынтымақтастық жасауға дайын
https://itolqyn.com/news/world-i14800
Трамп 2016-шы жылғы АҚШ президенттік сайлауында жеңіске жеткен жағдайда Ресей президенті онымен ынтымақтастық жасауға дайындығын білдірді.
(last modified 2025-01-08T10:35:21+00:00 )
Қыр 19, 2016 15:30 Asia/Almaty
  • Трамп жеңіске жеткен жағдайда Ресей онымен ынтымақтастық жасауға дайын

Трамп 2016-шы жылғы АҚШ президенттік сайлауында жеңіске жеткен жағдайда Ресей президенті онымен ынтымақтастық жасауға дайындығын білдірді.

«Московский  комсомолец» газеті жексенбі күні Ресей Президенті Владимир Путиннің АҚШ-тағы президенттік сайлау науқанында Мәскеумен жақсы қарым-қатынас орнату қажеттілігін қуаттайтын үміткерді қолдайтынын айтқанын жазды. Владимир Путин жуырда: «АҚШ-тағы президенттік сайлауда республикашыл үміткер Дональд Трамп осындай  көзқарасқа ие. Ол өз сөзінде ортақ ұстанымға келу үшін  Вашингтон мен Мәскеу арасындағы қарым-қатынастарды түбегейлі өзгертуді қуаттайды. Демократтардың үміткері Хиллари Клинтон Трампқа керісінше «Мәскеу АҚШ-ның қауіпсіздігіне қоқан-лоққы тудырады. Ресейдің алға ілгерілеуіне кедергі жасау керек» деген уәж айтады»,- деді.