Иранның Мәдениет және исламдық бағдар министрі Қытайға барды
https://itolqyn.com/news/world-i14830-Иранның_Мәдениет_және_исламдық_бағдар_министрі_Қытайға_барды
Иранның Мәдениет және исламдық бағдар министрі дүйсенбі күні «Ұлы жібек жолы» атты алғашқы халықаралық мәдени көрмеге қатысу үшін ирандық делегацияны бастап, Қытайға барды.
(last modified 2025-09-22T12:04:09+00:00 )
Қыр 19, 2016 21:28 Asia/Almaty
  • Иранның Мәдениет және исламдық бағдар министрі Қытайға барды

Иранның Мәдениет және исламдық бағдар министрі дүйсенбі күні «Ұлы жібек жолы» атты алғашқы халықаралық мәдени көрмеге қатысу үшін ирандық делегацияны бастап, Қытайға барды.

«Ұлы жібек жолы» атты халықаралық мәдени көрме сейсенбіден бастап екі күн бойы  мәдени саладағы көптеген жоғары лауазымды қайраткерлер,  Мәдениет және туризм министрлерінің қатысуымен Қытайдың солтүстік-батысында мұсылмандар тұратын аймақтағы Дунхуанг қаласында өтетін болады.  

SRICE деп те аталатын осы отырыстың күн тәртібіне Ұлы жібек жолына қатысы бар елдер арасында мәдени байланыстарды нығайту мәселесі қойылған.

«Бір белдік пен бір жол» деп аталатын құрлық және теңізді қамтитын жаңа Ұлы жібек жолы Қытай Халық республикасының төрағасы Си Цзиньпин тарапынан 2013 жылы алғаш рет көтерілген жоба болып табылады.

Жарияланған бағдарлама бойынша, Иранның Мәдениет және исламдық бағдар министрі ертең «Ұлы жібек жолы» атты алғашқы халықаралық мәдени көрменің ашылу рәсімінде негізгі қонақ ретінде сөз сөйлейді.