Иран Парсы шығанағы серіктестік кеңесінің мәлімдемесіне реакция білдірді
Иран СІМ-нің ақпарат хатшысы Иранға қарсы Парсы шығанағы серіктестік кеңесінің мәлімдемесін вахабизмнің лаңкестік амалдармен байланысын жасырып-жабуы деп атады.
Баһрам Ғасеми Парсы шығанағы ынтымақтастығы кеңесінің Нью-Йоркте Иранға қарсы айтылған айыптауларын қайталамалы және негізсіз деп атап: «Парсы шығанағы ынтымақтастығы кеңесінің бір мүшесі тарапынан біржақты көзқарасты шектеулі, жабық отырыстарға таңуы жеңіліс тапқан, абыройсыз тәсіл. Саудиялықтар осындай әрекеттері және арандатушылықтарымен Құдайдың үйін зиярат етуге келген мыңдаған қажының өліміне жауап беру міндетінен құтыла алмайды» деді.
Парсы шығанағы ынтымақтастық кеңесі Нью-Йорктегі Арабстанның өкілдігінің кеңсесінде өткен таяудағы отырысында мәлімдеме жариялап, Иранды қажылық парызын саясиландырды деп айыптады.