Иран мен Украина мәдени ынтымақтастықтарды кеңейтуге мүдделік танытуда
https://itolqyn.com/news/world-i14878-Иран_мен_Украина_мәдени_ынтымақтастықтарды_кеңейтуге_мүдделік_танытуда
Иран мен Украинаның мәдени министрлері екі елдің екіжақты мәдени, өнер және ғылыми ынтымақтастықтарын кеңейткісі келетіндіктерін мәлімдеді.
(last modified 2025-11-05T11:24:26+00:00 )
Қыр 21, 2016 20:35 Asia/Almaty
  • Иран мен Украина мәдени ынтымақтастықтарды кеңейтуге мүдделік танытуда

Иран мен Украинаның мәдени министрлері екі елдің екіжақты мәдени, өнер және ғылыми ынтымақтастықтарын кеңейткісі келетіндіктерін мәлімдеді.

Иранның Мәдениет және исламдық бағдар министрі Әли Джаннати Қытайдың Дуньхуан қаласындағы халықаралық бірінші мәдени EXPO аясында Украина Мәдениет министрімен кездесіп, екі елдің ынтымақтастықтарын кеңейту жолдарын қарастырды.

Джаннати бұл кездесуде Иранның Украина арасындағы әртүрлі салалардағы, әсіресе мәдени саладағы екіжақты ынтымақтастықтарын кеңейтуга дайындығын мәлімдеп, мәдени қарым-қатынастардың саяси, экономикалық және басқа да қарым-қатынастарды дамытуға жағдай тудыра алатынын қуаттады. Украинаның Мәдениет министрі де бұл кездесуде Украинадағы саяси өзгерістерге өкініш білдіріп, елінің Теһран мен Киев арасындағы мәдени-өнер саласындағы қол қойылған құжаттарды іске асыруға талпыныс жасайтынын айтты.