Ансаролла қозғалысының Бас хатшысы: АҚШ пен Сауд Арабиясы - Йемен мен мұсылмандардың дұшпаны
https://itolqyn.com/news/world-i14887
Йеменнің Ансаролла қозғалысының Бас хатшысы АҚШ Йеменге шабуыл жасау бұйрығын бекіткенін мәлімдеп, Йеменге шабуыл жасағандарды бұл елдің халқын рақымсыз өлітіріп жатқан қарақшылар деп атады.
(last modified 2025-01-08T10:35:21+00:00 )
Қыр 21, 2016 20:42 Asia/Almaty
  • Ансаролла қозғалысының Бас хатшысы: АҚШ пен Сауд Арабиясы - Йемен мен мұсылмандардың дұшпаны

Йеменнің Ансаролла қозғалысының Бас хатшысы АҚШ Йеменге шабуыл жасау бұйрығын бекіткенін мәлімдеп, Йеменге шабуыл жасағандарды бұл елдің халқын рақымсыз өлітіріп жатқан қарақшылар деп атады.

Йеменнің Ансаролла қозғалысының Бас хатшысы Абдолмалек Бадр ад-Дин Санада өткен Ғадир мерекесінде Йемен халқының дұшпанның шабуылдарына қарсы  бір жарым жылдық қарсыласуына алғыс айтып: «Вашингтон шабуыл жасау туралы бұйрық шығарып, соғысты бақылап отыр. Біз мұндай жағдайда өз міндеттерімізді орындап отырмыз. Біздің қалауымыз анық, ешқандай түсінбеушілік жоқ. Барлық қиындықтарға қарамастан Йемен халқы бірігіп, әскери және экономикалық дағдарыстармен қарсыласуда. Сауд режимі аймақтағы АҚШ саясаттарын іске асыруда. Йемен халқы мен исламдық үмбет АҚШ-тың қастықтарына қарсы тұрып, дағдарыстарды мұрсаттарға айналдыруы керек»,- деп баса айтты.