БҰҰ Бас ассамблеясының отырысында Украина Президенті Ресейге сөзбен шабуыл жасады
https://itolqyn.com/news/world-i14926-БҰҰ_Бас_ассамблеясының_отырысында_Украина_Президенті_Ресейге_сөзбен_шабуыл_жасады
Кейбір Батыс елдері Киев үкіметін Минск бейбіт келісімінің орындалмауына себепкер санап отырған жағдайда Украина Президенті Ресейді кінәлі деп атап отыр.
(last modified 2025-11-05T11:24:26+00:00 )
Қыр 22, 2016 20:53 Asia/Almaty
  • БҰҰ Бас ассамблеясының отырысында Украина Президенті Ресейге сөзбен шабуыл жасады

Кейбір Батыс елдері Киев үкіметін Минск бейбіт келісімінің орындалмауына себепкер санап отырған жағдайда Украина Президенті Ресейді кінәлі деп атап отыр.

Петр Порошенко БҰҰ Бас ассамблеясының жыл сайынғы отырысында сөз сөйлеп, Ресейге сөзбен шабуыл жасап, Мәскеуді өтірік айту және қол сұғушылықпен айыптады. Оның айтуынша, тіпті Кеңес одағының басшылары «қырғи қабақ» соғысында мұндай істерді атқаруға жүректері дауаламаған.  Киев пен Мәскеу қарым-қатынасы  Қырым түбегінің Ресейге қосылғанынан бастап және содан кейін  Украинада Киев үкіметіне қарсылардың қарулы көтерілісінен осы күнге дейін осыншалықты шиеленісті болып көрген жоқ. Порошенко әлем басшыларының жыл сайынғы басқосуындағы сөзін  Ресей Президенті Владимир Путинді әлемдегі тынышсыздықты қоздыру үшін «екіұшты соғыс құралын» пайдаланады деп айыптау мақсатында қолданып: «Өткен бір жылдың ішінде екіұшты соғыс жүргізу тәсілі кеңінен таралды. Бүкіл Еуропа, Америка басқа да елдер осы соғыс тәсілінің  куәсі болды. Ресей сайлау үдерісінде саяси, жарнамалық және ішкі іске араласушылық, қысымдар, экономикалық қоқан-лоққылар, дипломатиялық емес шаралар, жасырын әскери бүлдіргі әрекеттер мен киберлік шабуылдар жасауды пайдаланды»,-деген уәж айтты.  Минск келісімдері негізінде соғысты тоқтату үшін жасалған араағайындық талпыныстар осы күнге дейін еш нәтиже бермеді. Порошенко Батыс елдерінің, соның ішінде Минск келісімінің негізін қалаушылар Франция мен Германия тарапынан өз міндеттемелерін уақытында орындамауына байланысты сынға алынды.