Американың Шарлотт қаласында нәсілшілдікке қарсылықтар жалғасуда
Американың Солтүстік Каролина штатына қарасты Шарлотт қаласында полиция қара нәсілді бір азаматқа қарай оқ атқан соң осы қаладағы қатыгездіктер екінші түн қатарынан жалғасты.
Бүлікке қарсы полиция сәрсенбі күні кешке Солтүстік Каролина штатының Шарлотт қаласында көшеде жүздеген шерушіге қарсы сап түзеп, көзден жас ағызатын газ қолданды. Мәліметтерге сәйкес, Шарлотт қаласында полициямен шайқаста жараланған азаматтарадың бірі ауруханаға жеткізілген соң көз жұмды.
Полицияның Кит Ламонтты оқ атып оны өлтіруі сейсенбі күнінен бері Шарлотт қаласында жаппай наразылықтардың қалыптасуына себеп болды. Кит Ламонттың өлімі сейсенбі күні қатыгез шерулерге ұласты. Соның барысында 16 полиция қызметкері жараланды.
Америка полициясының қара нәсілділерге қарсы қатыгездік көрсетуі соңғы екі жылда осы елде пікірталас тудырып, жаппай наразылықтарға себеп болып отыр. Тренс Крачер есімді келесі бір қара нәсілді азамат та жұма күні Миннесота штатының Тулса қаласында өлтірілді. Полиция кейін ол кісінің қарулы болмағанын мәлімдеді.