Associated Press БАӘ-нің әскери қызметкерлерінің Йеменнен шығарылғанын хабарлады
https://itolqyn.com/news/world-i1513
Осы америкалық ақпарат агенттігі БАӘ-нің өзінің әскери күштерін Йеменнің оңтүстігінен шығарғанын хабарлады.
(last modified 2025-01-08T10:35:21+00:00 )
Ақп 25, 2016 17:08 Asia/Almaty
  • Associated Press БАӘ-нің әскери қызметкерлерінің Йеменнен шығарылғанын хабарлады

Осы америкалық ақпарат агенттігі БАӘ-нің өзінің әскери күштерін Йеменнің оңтүстігінен шығарғанын хабарлады.

Associated Press-тің сәрсенбі күні кешке хабарлауынша, БАӘ бір күн ішінде өзінің барлық әскери қызметкерлерін Йеменнің оңтүстігіндегі Аден қаласының әуежайы арқылы шығарған. Әмірліктің хабар көздерінің осы елдің ақпарат құралдарының атаулары жасырын қалу шартымен Associated Press-ке осы мәселе бойынша сұхбат берілгені туралы айтылып жүр.

Осындай жағдайда Йеменнің Қорғаныс минитрлігі бір мәлімдемесінде әл-Джоуф облысының әл-Мазариқ аймағында жалдамалылар жиналған жерге Qaher-1 баллистикалық зымыранын ату нәтижесінде саудиялық коалицияның 54 жалдамалысының мерт болғанын мәлімдеді.

Йеменнің хабардар бір әскери қызметкері жақында Йеменнің солтүстік-шығысында орналасқан Мариб облысының батысындағы Хиланға қарай ілгерілеуге талпыныс жасау кезінде Йеменнің отставкаға кеткен президенті Абд Рабба Мансур Хадиді жақтайтын 80 адамның мерт болып, не жараланғанын мәлімдеді.