АҚШ-та адам өлтіру мен қатігез қылмыстар көбейді
АҚШ-тың федералдық полициясы (FBI): «2015 жылда жергілікті тәртіп сақтау органдары хабарлаған адам өлтіру фактілерінің саны одан бұрынғы жылмен салыстырғанда шамамен 10 пайызға артты»,-деп хабарлады.
«Associated Press» ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, АҚШ-тың федералдық полициясының дүйсенбі күні жарияланған қылмыстар туралы жаңа статистикалық мәліметі 2015 жылда АҚШ-та 15696 адам өлтіру фактісінің тіркелгенін көрсетеді.
АҚШ-тың федералдық полициясының мәліметі бойынша, жалпы алғанда 2015 жылда елде қатігез қылмыстар 9 пайыздан асқан.
Сонымен қатар, АҚШ-тың атысты тіркеу статистикалық орталығының мәліметінше, 2016 жылдың алғашқы жартысында бұл елде 24532 рет оқ атылған. Соның салдарынан 6303 адам қаза тауып, 12 952 адам жарақат алған.