Қазақстан мен Украинаның «N-74» ұшағына қатысты келіспеушілігі күшейді
Қазақстанның Ұлттық ұланы мен Украинаның «Харьков» ұшақ өндіру компаниясы арасындағы келіспеушілік өршіді. Осы компания «N-74» ұшағын өндіру мен табыс ету жөніндегі өз міндеттемесін 2 жыл өткеннен кейін орындамай отыр.
Қазақстанның Ұлттық ұланы «N-74» ұшағын жасау үшін «Харьков» ұшақ өндіру компаниясына осы уақытқа дейін 15 миллион доллардан астам ақша төлегенімен, екі жылдан бері тапсырыс берген ұшақты ала алмай отыр.
Қазақстан Ұлттық ұланы мен Украинаның «Харьков» ұшақ өндіру компаниясы арасындағы келісімшарт бойынша осы компания өткен жылдың күз мерзіміне дейін қазақстандық тарапқа осы ұшақты тапсыруға міндетті болған..
Украиндық ұшақ өндіруші компания өткен жылы күзде қазақстандық тараптан ұшақты табыс ету мерзімін 2016 жылдың қараша айына дейін ұзартуды сұрады. Қазақстандық тарап осы өтінішті қабылдады, бірақ соңында украиндық компанияның өкілдері осы ұшақты жасау жөніндегі өз міндеттемесін орындай алмайтындықтарын мәлімдеді.
Қазақстандық тараптың келісімшарттың күшін жою және осы компанияның үстінен шағым түсіру үшін Харьков қаласының сот мекемесіне жүгінуі нәтижеге жетпей, осы тақырып бойынша екі ел арасындағы жанжал өршіп отыр.
Украина президенті Петр Порошенконың жарлығына сәйкес, бұл елдің ресейлік компаниялармен ынтымақтастық жасауға хақысы жоқ. Ұшақ өндіруге қатысты жабдықтардың көбісі Украинаға Ресейден импортталады.