Қаз 03, 2016 07:55 Asia/Almaty
  • Американың Сириядағы Дейр эз-Зорға жасаған шабуылы айыпталды

Еуропалық елдерде тұратын сириялық топтардың өкілдері америкалық қырғи ұшақтардың Сирия армиясына жасаған шабуылына наразылық ретінде Берлиндегі АҚШ елшілігінің алдына жиналды.

Иран студенттерінің ақпарат агенттігі ИСНА- ның жексенбі күнгі хабарлауынша, еуропалық елдерде тұратын сириялық азшылықтардың өкілдері Сирия президенті Башар Асадтың суреттері мен осы елдің жалауын қолдарына ұстап, Берлиндегі АҚШ елшілігі ғимаратының алдына жиналып, америкалық қырғи ұшақтардың Дейр эз-Зорда Сирия армиясының базасына жасаған шабуылдарын айыптады.

Осы шеруге қатысушылар лаңкестікпен күрес үшін Сирия халқы мен армиясы және жетекшілігіне тағы да қолдау көрсетіп, Ресей мен Ливан қарсыласуы және Сирияның барлық одақтастарына алғыс білдірді.

Шерушілер сондай- ақ өз мақсаттарын жүзеге асыруда Сирияға қарсы астыртын әрекеттердің халықтың армиямен бірлігінің арқасында сәтсіздікке ұшырағанын қуаттады.

Осы басқосуға Италия, Румьния және басқа да еуропалық елдерде тұратын сириялықтардың өкілдері қатысты.

ДАИШ- ке қарсы деп аталатын коалицияның қырғи ұшақтары 2016 жылы 17- ші қыркүйекте Дейр эз- Зорда Сирия армиясының базасын нысанаға алған болатын.

 

Тегтер