Дивизия басшысы Солеймани: Еуропа лаңкестерді қолдауына байланысты құн төлеуде
(last modified Thu, 06 Oct 2016 15:45:37 GMT )
Қаз 06, 2016 21:45 Asia/Almaty
  • Дивизия басшысы Солеймани: Еуропа лаңкестерді қолдауына байланысты құн төлеуде

Иран ислам революциясының Сақшылар корпусының Құдс күшінің қолбасшысы Еуропаның аймақтағы лаңкестік топтарды қолдауына байланысты қауіпсіздік тұрғысынан ауыр құн төлейтінін мәлімдеді.

«Фарс» ақпарат агенттігінің хабарлауынша, ислам революциясының Сақшылар корпусы Құдс күшінің қолбасшысы дивизия басшысы сардар Ғасем Солеймани сәрсенбі күні Теһранда бригада генералы сардар Хосейн Хамаданидің шәһид болуының жылдығында сөйлеген сөзінде: «Тәкфирліктер бүгінде барлық  майдандарда жеңіліске ұшырап жатыр. Сирия халқы да өз үкіметін қолдауының арқасында жеңілмейді. Ислам жауларының қиыншылығына Сирияның қарсыласу майданында басымдылыққа ие болуы мен осы елдің ислам республикасымен байланысы жатады. ДАИШ және тәкфирлік топтар да Иран ислам революциясына тосқауыл қою үшін құрылған» деді.

Иран ислам революциясы Сақшылар корпусының Құдс күшінің қолбасшысы Сирия жүйесінің аймақтағы өзге араб елдерімен айырмашылығына сілтеме жасап: «Кейбір араб елдері Палестинаның мақсаттары мен идеяларынан сырт айналып, жасырын немесе ашық түрде сионистік режиммен байланыс орнатты, бірақ Сирия өзінің қауіпсіздігі мен жер тұтастығын мұсылмандардың жолында пида етті» деді.