Шамхани: Америка Сауд Арабиясының Йемендегі қылмыстарының серіктесі болып табылады
Иран ислам республикасы ұлттық қауіпсіздік жоғары кеңесінің хатшысы: "АҚШ Сауд Арабиясының Йеменге шапқыншылығына үлес қосып отыр. Сол үшін жауапты болуы керек" деді.
ИРНА-ның хабарлауынша, Иранның ұлттық қауіпсіздік жоғары кеңесінің хатшысы Әли Шамхани жексенбі күні таңертең жариялаған мәлімдемеде Сауд Арабиясының Йеменге жасаған жуықтағы әуе шабуылын айыптап: «Сауд Арабиясының Йемендегі аза тұту рәсімін бомбалау шарасы Америка жөнелткен қару арқылы іске асырылды. Бұл ел осы қылмысқа үлес қосты. Сол үшін жауапты болуы керек.
Батыстың қоғамдық пікірі өз үкіметтерінің Йемендегі соғыстың жалғасуында қандай рөл атқарып отырғанын білуі тиіс. Йеменге әскери шапқыншылықта және йемендік бейкүнә халықты қыруда өзекті рөл атқарып отырған Сауд Арабиясы мен БАӘ-ге қару-жарақ сату тоқтатылуы керек» деді.
Иран ұлттық қауіпсіздік жоғары кеңесінің хатшысы сондай- ақ Йемен армиясының БАӘ кемесіне шабуыл жасау шарасының Йеменнің тәуелсіздігі мен жер тұтастығын қорғауы және шапқыншыға қарсы әрекет болғанын қуаттады.