Украина үкіметі Ресейге қарсы жаңа әрекет бастады
Украина үкіметі осы елдегі орыс тілінде жазылған барлық хабарландыруларды алып тастауды көздеп отыр.
Украинаның Инфрақұрылымдар министрі Владимир Омелян: «2016 жылдың соңына дейін вокзалдар мен қаладағы аялдамаларда орыс тілінде жазылған барлық плакаттар алынып, олардың барлығы украин және ағылшын тілтерінде жазылатын болады» деді. Украинаның Инфрақұрылымдар министрі осы шаралардың Еуропалық Одақпен толық ықпалдастық бағытында жасалатындығын мәлімдеп: «Украинадағы тасымалдау инфрақұрылымдарының барлығын Еуропалық Одақтың стандарттары бойынша өзгертуге тырысамыз» деді.
Украина халқының 30 пайыздан астамын орыс тілділер құрайды. Осы елде орыс тілі Украина тілі сынды қолданысқа ие.
Соңғы жылдардағы Украина мен Ресей арасындағы текетірестер және Қырым аймағының Украинадан бөлініп Ресейге қосылуы украиндық үкімет қайраткерлерін елдегі барлық нифрақұрылымдар мен бұрынғы Кеңес Одағы мен Ресейге тиесілі нышандарды тазартуға итермелеп отыр.