Ресей АҚШ- тың Сирияға қатысты әрекеттерін қатаң сынады
Ресей СІМ-нің орынбасары АҚШ- тың Сирияға қатысты әрекетін жауапсыздық деп атады.
Ресей СІМ-нің орынбасары Сергей Рябков дүйсенбі күні Американы Сирия туралы міндеттемелерін орындамауына байланысты сынап, Вашингтон Женева келісіміне қатысты өз міндеттемелерін орындамағанын қуаттады.
Ресей СІМ-нің орынбасары сөзінің жалғасында: «Америкалық қайраткерлер Ресейдің Сирия дағдарысына қатысты саясаты туралы қабылдауға келмейтін сараптамалар жасап, мәлімдемелер жариялап отыр. Америкалық саясаткерлер өз әрекеттерімен Ресей мен Американың Сирия туралы 2016 жылғы 9- шы қыркүйектегі келісімін нәтижесіз қалдырды» деді.
Ресей СІМ орынбасарының айтуынша, Вашингтон әлемдік төрешілікте рөл атқарушы және ахлақ үйретуші ретінде Мәскеуге қарсы жаңа айыптауларды таңып отыр.