Ресей АҚШ- тың Сирияға қатысты әрекеттерін қатаң сынады
https://itolqyn.com/news/world-i15952-Ресей_АҚШ_тың_Сирияға_қатысты_әрекеттерін_қатаң_сынады
Ресей СІМ-нің орынбасары АҚШ- тың Сирияға қатысты әрекетін жауапсыздық деп атады.
(last modified 2025-09-22T12:04:09+00:00 )
Қаз 11, 2016 10:47 Asia/Almaty
  • Ресей АҚШ- тың Сирияға қатысты әрекеттерін қатаң сынады

Ресей СІМ-нің орынбасары АҚШ- тың Сирияға қатысты әрекетін жауапсыздық деп атады.

Ресей СІМ-нің орынбасары Сергей Рябков дүйсенбі күні Американы Сирия туралы міндеттемелерін орындамауына байланысты сынап, Вашингтон Женева келісіміне қатысты өз міндеттемелерін орындамағанын қуаттады.

Ресей СІМ-нің орынбасары сөзінің жалғасында: «Америкалық қайраткерлер Ресейдің Сирия дағдарысына қатысты саясаты туралы қабылдауға келмейтін сараптамалар жасап, мәлімдемелер жариялап отыр. Америкалық саясаткерлер өз әрекеттерімен Ресей мен Американың Сирия туралы 2016 жылғы 9- шы қыркүйектегі келісімін нәтижесіз қалдырды» деді.

Ресей СІМ орынбасарының айтуынша, Вашингтон әлемдік төрешілікте рөл атқарушы және ахлақ үйретуші ретінде Мәскеуге қарсы жаңа айыптауларды таңып отыр.