Ресей Түркияның Сирияның бейбітшілік келіссөздеріне бойкот жариялағанына таңғалды
https://itolqyn.com/news/world-i16-Ресей_Түркияның_Сирияның_бейбітшілік_келіссөздеріне_бойкот_жариялағанына_таңғалды
Ресей Сыртқы істер министрінің орынбасары Түркияның Сирияның бейбітшілік келіссөздеріне бойкот жариялау ісіне таңғалды.
(last modified 2025-09-22T12:04:09+00:00 )
Қаң 27, 2016 18:23 Asia/Almaty
  • Ресей Түркияның Сирияның бейбітшілік келіссөздеріне  бойкот жариялағанына таңғалды

Ресей Сыртқы істер министрінің орынбасары Түркияның Сирияның бейбітшілік келіссөздеріне бойкот жариялау ісіне таңғалды.

Интерфакс агенттігнің сәрсенбі күнгі мәліметі бойынша, Ресей Сыртқы істер министрінің орынбасары Михаил Богданов «Түркияның сириялықтардың арасындағы келіссөздерге бойкот жариялауын түсіну қиын. Ресей үшін Түркия Женева келіссөздеріне қатыспайтын болса, оның сириялықтардың арасындағы келіссөздерге қалай бойкот жариялайтындығы түсініксіз»,- деді.

Түркия Сыртқы істер министрі Мевлут Чавушоғлу сейсенбі күні: «Сирияның бейбіт келіссөздеріне күрдтер қатысса, Анкара бұл отырысқа бойкот жариялайды» деп мәлімдеген болатын.

Сирияның бейбітшілік келіссөздері дүйсенбі күні Женевада өткізілетін болған, бірақ кейбір мемлекеттердің отырысқа қатысатын топтар туралы қайшылықтарына байланысты жұмаға ауыстырылды. Түркияның әсіресе оңтүстік шекаралары бұл күндері наразы күрдтердің басып-жаншылуының куәсі болуда.