АҚШ Йеменге зымыранмен шабуыл жасады
АҚШ армиясы Йемен жағалаулары маңында Йеменнің халықтық күштерінің бақылауындағы аймақтардағы радарлы үш нысанды зымыранмен нысанаға алды.
Peuters ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, америкалық қайраткерлердің айтуынша, Йемен соғысы барысында халықтық күштерге қарсы алғашқы тікелей амал болып саналатын бейсенбі күні таңертең Йеменге жасалған шабуыл АҚШ Президенті Барак Обаманың рұқсатымен орын алды.
АҚШ армиясының Йеменнің халықтық күштерінің позицияларына шабуылы туралы егжей-тегжейлі мағлұмат әлі жарияланған жоқ.
Сонымен қатар, саудиялық қырғи ұшақтардың Йеменнің Сағде облысындағы әс-Сафра қаласының тұрғын ауданына шабуылында бір йемендік қаза тапты.
Саудиялық қырғи ұшақтар Лахадж облысындағы әл-Мазарабе ауданы мен Сана облысындағы Бәни-Хашиш ауданындағы бір аймақты бомбалады. Соның салдарынан бірнеше йемендік азамат жараланды.
2015 жылдың наурыз айынан осы күнге дейін Сауд Арабиясының Йеменнің әртүрлі аудандарына жасаған шабуылы салдарынан осы елдің мыңдаған қарапайым адамы қаза болып, жараланды.