Украинаның бұрынғы президенті уақытша Ресейде қалатын болды
Өткен жылдан бері Ресейде өмір сүріп жатқан Украинаның бұрынғы президенті осы елден уақытша баспана алды.
ИРНА-ның мәліметі бойынша, Ресей Ішкі істер министрлігі бейсенбі күні Украинаның бұрынғы президенті Виктор Януковичке уақытша баспана бергенін растады.
Украиналық басшылар сан рет Ресейден қаржы бұзақылығына қатысты соттау үшін Януковичты қайтаруды сұраған болатын. Осы ретте Украинаның Бас Прокуроры егер Ресей Виктор Януковичке баспана бергенін растаса, Мәскеуден оны қайтаруды талап етедіндіктерін мәлімдеген болатын.
2010-шы жылдың ақпан айында Украина президенті болып сайланған Янукович 2013-ші жылдың соңында Украина мен Еуроодақ арасындағы экономикалық келісімге қол қоймауына байланысты кең ауқымды наразылықтармен бетпе-бет келіп, соңында оның үкіметі құлатылған болатын.