Арабстан АҚШ-тың атынан Таяу Шығыста соғыс жүргізу үшін қару-жарақ сатып алуда
ИИР Бас қолбасшысының аға кеңесшісі әрі көмекшісі: "Арабстан 2010 жылдан бері осы уақытқа дейін Таяу Шығыстағы АҚШ-тың атынан соғысу үшін 100 миллиард көлемінде қару сатып алды" деді.
Иран Телерадио ұйымының хабарлауынша, ИИР Бас қолбасшысының аға кеңесшісі әрі көмекшісі генерал-майор Яхия Рахим Сафави дүйсенбі күні "Батыс Азия мен Ислам әлеміндегі геосаяси өзгерістер" атты конференцияда АҚШ пен басқа да батыс елдерінің Арабстан, Кувейт пен Катарға қару сатып отырғанына тоқталып: "Арабстанның Йеменге тастап жатқан кейбір бомбаларының бағасы 5 миллион 300 мың долларды құрайды" деді.
Генерал-майор Сафави батыстық алпауыт елдердің лаңкестікті геосаяси бағытта жобалаудағы мақсаттарына тоқталып: "Олардың аймаққа қайта оралып, исламдық оянуға тосқауыл қоюы, сүнниттер мен шиіттердің арасына іріткі салып, тәкфіршіл исламды халықтар арасында келісім мен бейбітшілік орнатуға негізделген пәк Исламға қарсы қоюы мен Иранның Батыс Азияда саяси және мәдени құдіретінің күшеюіне тосқауыл қоюы осы мақсаттардың қатарына жатады" деді.