Бір сауалнамада алғаш рет Трамп жеңіске жетті
https://itolqyn.com/news/world-i16471-Бір_сауалнамада_алғаш_рет_Трамп_жеңіске_жетті
Бір сауалнамада алғаш рет АҚШ-тағы президенттік сайлауда республикашылдардың үміткері өзінің демократ бәсекелесінен алға озды.
(last modified 2025-11-05T11:24:26+00:00 )
Қаз 20, 2016 16:41 Asia/Almaty
  • Бір сауалнамада алғаш рет Трамп жеңіске жетті

Бір сауалнамада алғаш рет АҚШ-тағы президенттік сайлауда республикашылдардың үміткері өзінің демократ бәсекелесінен алға озды.

«Спутник» ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша,  «Day break» интернет сайты мен «Лос-Анжелес Times» атты газеттің сауалнамалары нәтижесінде дауыс берушілердің 44,9 пайызы АҚШ-тағы президенттік сайлауда республикашылдардың үміткері Дональд Трампқа, 43,3 пайызы демократтардың үміткері Хиллари Клинтонға дауыс берген.

Бұл сауалнамада 3000-ға жуық адамның назары сұралынған.

Осы мәлімет бойынша, «Day break» орталығы 2012 жылғы сайлауда ең нақты сауалнамалар жүргізген екен. Ол кезде бұл орталық  Барак Обама 3,32 пайыздық айырмашылықпен қайта сайланады деп болжаған болатын.

Обама 2012 жылы 3,85 пайыз дауыс айырмашылығымен қайта АҚШ Президенті болып сайланды.

Бұған қарамастан, ұлттық орташа есеп бойынша Хиллари Клинтон өз бәсекелесінен 7 ұпаймен алда келеді.

АҚШ-тағы президенттік сайлау 2016 жылдың 8 қарашасында өтеді.