Трамп: Президент болсам, Иран америкалықтарды құрықтай алмайды
https://itolqyn.com/news/world-i16717-Трамп_Президент_болсам_Иран_америкалықтарды_құрықтай_алмайды
Дональд Трамп: «Президент болсам, Иран америкалықтарды құрықтай алмайды»,-деп уәж айтты.
(last modified 2025-11-05T11:24:26+00:00 )
Қаз 24, 2016 14:50 Asia/Almaty
  • Трамп: Президент болсам, Иран америкалықтарды құрықтай алмайды

Дональд Трамп: «Президент болсам, Иран америкалықтарды құрықтай алмайды»,-деп уәж айтты.

Mehr ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, АҚШ-тың президенттік сайлауындағы республикашылдардың үміткері Дональд Трамп Twitter әлеуметтік желісіндегі парақшасында: «Президент болсам, Иран бұдан былай АҚШ азаматтарын құрықтай алмайды»,-деп жазды.

Дональд Трамптың Twitter әлеуметтік желісіндегі парақшасында: «Иран тағы да өз ісін қайталап, біздің екі азаматты құрықтап, оларды босату үшін ақша талап етіп отыр. Егер мен президент болсам, бұдан былай мұндай оқиға орын алмайды»,-делінген.

АҚШ-тың президенттік сайлауындағы осы жанжалды үміткер осыдан бұрын да Иранға қарсы қоқан-лоққылар айтып, Иран кемелері АҚШ кемелеріне жақындаған жағдайда оларға оқ атуға уәде берген болатын.