Зариф: Chatham House сыйлығы Иран халқына тиесілі
Қаз 25, 2016 19:44 Asia/Almaty
Лондондағы Chatham House зерттеу институты Иран СІМ Мохаммад Джавад Зариф пен Американың Мемлекеттік хатшысы Джон Керриді 2015 жылы Иран мен «алтылық» елдерінің арасында ядролық келіссөздерде табысқа жеткендері үшін өздерінің жыл сайынғы сыйлықтарының иегерлері деп атады.
Иран СІМ-нің ақпарат хатшысы Баһрам Ғасеми Зарифтің бұл сыйлықты Иран халқының соңғы жылдардағы қысымдар және санкциялармен қарсыласуда парасаттылықпен еңселерін тік ұстап шығуға себеп болған батырлықтары және табандылықтарының арқасында деп санайтынын мәлімдеді.
Тегтер