Нигер елінің Сыртқы істер министрі Теһранда Иран Сыртқы істер министрімен кездесті
https://itolqyn.com/news/world-i17209-Нигер_елінің_Сыртқы_істер_министрі_Теһранда_Иран_Сыртқы_істер_министрімен_кездесті
Иран мен Нигер Сыртқы істер министрлері түрлі негіздерде, соның ішінде эксономикалық және саяси салада екіжақты байланыстарды кеңейтуді қуаттады.
(last modified 2025-09-22T12:04:09+00:00 )
Қар 01, 2016 09:14 Asia/Almaty
  • Нигер елінің Сыртқы істер министрі Теһранда Иран Сыртқы істер министрімен кездесті

Иран мен Нигер Сыртқы істер министрлері түрлі негіздерде, соның ішінде эксономикалық және саяси салада екіжақты байланыстарды кеңейтуді қуаттады.

Иран Сыртқы істер министрі Мұхаммад Джавад Зариф Теһранда Нигер республикасының Сыртқы істер министрі Ибрахим Якубаны қабылдауында Иранның Африка құрлығы елдерімен, әсіресе Нигер мұсылман елімен байланысты кеңейтуге деген саяси мүддесін қуаттап: «Екі ел түрлі негіздер бойынша жақын ынтымақтастық жасай алады. Теһран Нигермен байланыстарды кеңейтуге және екіжақты ынтымақтастықтарды тереңдетуге дайын. Екі ел экономика саласында, әсіресе инфрақұрылымдар, тасымалдау, банктік әріптестіктер, ауылшаруашылығы, кен, энергия және инвестиция салуды кеңейту саласында кең ауқымды ынтымақтастық жасай алады. Таяу арада екі елдің бірлескен комиссиясын өткізу екі ел арасындағы ынтымақтастық мүмкіндіктерін тануға көмектесе алады» деді.

Елінің делегациясын бастап Теһранға сапармен келген Нигер республикасының Сыртқы істер министрі де осы кездесуде Иран ислам республикасының аймақ пен әлемдегі рөлі мен маңыздылығын қуаттап, елінің Иран ислам республикасымен арадағы байланысты кеңейту үшін әзірлігін  мәлімдеді.