Иран президенті Кипрмен байланыстарды кеңейтуді қолдады
ИИР президенті саяси, экономикалық және сауда-саттық негіздер бойынша Иран мен Кипр арасындағы екіжақты ынтымақтастықтарды кеңейту үшін барлық мүмкіндіктер мен әлеуеттерді пайдалану қажет деп қуаттады.
ИРНА- ның хабарлауынша, ИИР президенті Хасан Рухани сейсенбі күні Кипр парламентінің төрағасы Димитрис Силлуристі қабылдауда Иранның аймақтағы маңызды орнынан тоқталып: «Иран мен Кипр арасындағы ынтымақтастықтар мен байланыстарды кеңейту Таяу Шығыс пен Еуропа және Африканы бір- бірімен байланыстыра алады» деді.
ИИР президенті сондай- ақ Ирак, Сирия, Йемен және Ливияда миллиондаған адамның босқындыққа ұшыруы мен осы елдердің халықтары көріп отырған қиыншылықтарға өкініш білдіріп: «Аймақ қиыншылықтары аймақтық жікті пайдалану үшін бөгделердің араласуының салдарынан туындап отыр. Бейбітшілік пен қауіпсіздікке қол жеткізу үшін баршаның көмек көрсетіп, атсалысуы керек деді.
Кипрдің Өкілдер палатасының төрағасы Димитрис Силлурис та Иран мен Кипр арасындағы сауда, экономикалық және мәдени байланыстардың кеңеюін аймақта тұрақтылық пен қауіпсіздікті жоғарылатуға көмектеседі деп бағалап: «Кипр аймақтық мәселелер мен қиыншылықтарды шешу үшін Иранмен ынтымақтастықтарды кеңейтуге мүдделік танытады» деді.