Қырымды қайтарып алу үшін украиналық арнайы күштер жаттықтырылып жатыр
Украинаның Ішкі істер министрі осы ел президентінің шекаралардағы күштерді нығайту талпыныстарымен бір мезгілде Киевтің Қырымды қайтарып алу үшін бір арнайы әскери бөлімшені жаттықтырып жатқанын мәлімдеді.
Russia Today арнасының сенбі күнгі хабарлауы бойынша, Арсен Аваков осы жайлы: "Украина жаңа әскер, ұлттық гвардия мен полиция күштерін құруды қажет етеді. Қазір үкімет бұл мәселелерге қатысты жұмыс жасап жатыр. Осы ұйымдардың көмегімен Қырымды қайтарып алатындығымызға еш күмән жоқ" деді.
Қырым қайраткерлері Украина үкіметінің осы сөздеріне берген жауапта олардың жоспарлары жүзеге асырылған жағдайда бұл әрекеттің заңсыз шабуыл саналатынын және өздерін қорғайтындықтарын ескертті.
Аваков Украинадағы белсенді татарларға көмектесіп, оларды Қырымды қайтарып алу үшін дайындайтын жоба бойынша жұмыс жасалып жатқанын айтты.
Жұма күні Украина Президенті Петр Порошенко Қорғаныс министрлігі мен Қарулы күштердің бас штабына Украина мен Қырым шекарасында әскери күштер орнату туралы жоба дайындау міндетін жүктеді. Осындай жағдайда Қырым Кивтің қоқан-лоққысын сынап, қатаң ескерту жасады.