Тәжікстан президентіне тіл тигізушілерді түрме жазасы күтіп тұр
Қар 04, 2016 09:05 Asia/Almaty
Тәжікстан президенті «ұлт көсеміне» тіл тигізушіні жазалау заңына түзету енгізу жобасына қол қойды.
Бекіту үшін Тәжікстан парламентіне жөнелтілетін осы жоба бойынша ақпарат құралдары мен ғаламтор кеңістігінде осы елдің президентіне тіл тигізетін адамдар бес жыл бас бостандықтарынан айрылатын болады. Осы жоба бекітілген жағдайда Тәжікстанның сот мекемелері тіл тигізуші кісілерді қамау жазасының орнына оларды қаржылай айып төлеуге үкім шығара алады.
Тегтер