Профессор Самиидің талпынысымен Бейжіңде неврологиялық емдеу орталығы құрылды
Дүниежүзілік нейрохирургиялық қоғамдар федерациясының президенті Бейжіңде неврологиялық емдеу орталығының құрылуын Қытай медицинасын дамыту үшін әсерлі қадам деп атады.
Дүниежүзілік нейрохирургиялық қоғамдар федерациясының президенті профессор Маджид Самии Бейжіңде алғашқы неврологиялық емдеу орталығының ашылу салтанаты аясында Иран Телерадио ұйымына берген сұхбатында: "Қытайдың 21 провинциясы бір мезгілде осы орталықпен байланыста болды. Осы ауруханада жасалып жатқан жұмыстар тікелей түрде Қытайдың түкпір-түкпіріне таратылып жатыр" деді.
Ирандық танымал хирург профессор Самии Бейжіңде неврологиялық емдеу орталығының ашылуына ризашылық білдіріп: "Медициналық құрылымдар тұрғысынан бұл орталық қажетті заттардың барлығымен қамтамасыз етіледі. Әсіресе ота жасау бөлмелері ең жаңа құралдармен жабдықталады" деді.
Профессор Самии әлемдіктерге Иран халқы бір жұмысты жасаған кезде ең жоғарғы деңгейде жасайтынынын көрсету үшін жақын болашақта Иранда өзінің басқаруындағы неврологиялық ота жасау орталығының қолданысқа берілетіндігіне үміт білдрді.