Асад: Батыс бүгінде Сирияға қатысты өз тұрғыларынан кері шегінген
(last modified Mon, 07 Nov 2016 02:28:24 GMT )
Қар 07, 2016 08:28 Asia/Almaty
  • Асад: Батыс бүгінде Сирияға қатысты өз тұрғыларынан кері шегінген

Сирия президенті Батыс елдерінің Сирия үкіметіне қатысты осы үкіметтің қызметтен кетуі жөніндегі өз тұрғыларынан кері шегінгенін айтты.

Иран студенттерінің ақпарат агенттігі ИСНА- ның жексенбі күнгі хабарлауынша, Сирия президенті Башар Асад Ұлыбританияның «The Sunday Times» газетіне берген сұхбатында: «Қазіргі жағдайда Сириядағы жағдай осы ел үкіметінің мүддесіне болып отыр. Батыс осыған дейін Сирия үкіметіне тағып отырған айыптарына қарамастан қазіргі үкімет пен Сирия президентін мойындауға мәжбүр болып отыр.

ДАИШ лаңкестік тобы Сирия мұнайын контрабандалық жолмен шығарып, Ирактың мұнай ұңғымаларын да пайдаланып отыр.  АҚШ және лаңкестерге демеуші болып отырған өзге Батыс елдері ДАИШ- тың осы әрекеттеріне еш реакция көрсетпейді, бірақ Ресей іске кіріскен кезде ДАИШ күштері кері шегінді.

Сирия үкіметі халықтың соғыс аймақтарынан шығуы үшін өткелдер ашты, бірақ лаңкестер Сирияның орталықтарын одан әрі бомбалап, халықтың осы өткелдерден шығуына кедергі жасап отыр» деді.