Дональд Трамп Американың экономикалық және әлеуметтік қиыншылықтарын мойындады
(last modified Wed, 09 Nov 2016 14:38:10 GMT )
Қар 09, 2016 20:38 Asia/Almaty
  • Дональд Трамп Американың экономикалық және әлеуметтік қиыншылықтарын мойындады

Американың қалаулы президенті өз елінің экономикалық және әлеуметтік қиыншылықтарын мойындады.

«Fox News» телеарнасының хабарлауынша, Американың қалаулы президенті Дональд Трамп бүгін сәрсенбі күні президенттік сайлаудың нәтижелері жарияланған соң өзінің Нью- Йорктегі орталық сайлау штабында сөйлеген сөзінде: «Американы қалпына келтіру үшін жедел шара қолдану керек.

Экономикалық қиыншылықтарға тосқауыл қою үшін барлық халық ынтымақтастық жасауы қажет» деді.

Американың қалаулы президенті осы елде ұмыт болған әйелдер мен ерлер бұдан былай ұмытылмайтан болады деген уәж айтты.

Финансист және жылжымайтын мүлік саласындағы белсенді миллиардер Дональд Трамп демократиялық партияның үміткері – өз бақталасы Хиллари Клинтонды жеңді. Ақпарат құралдарында сайлаудың нәтижелері жариялануымен осы елдің 50 штатынан 288 электоралды дауысты иемдену арқылы Американың 45- ші президенті ретінде Ақ Үйге жолдама алды.

Дональд Трамптың ант қабылдау рәсімі 2017 жылдың қаңтар айында Вашингтонда өтеді.