Әлемдік саяси және экономикалық орталықтардың Трамптың жеңісіне көрсеткен реакциясы
Америкадағы президенттік сайлаудағы республикалық партияның үміткері Дональд Трамптың жеңісі әлемнің саяси және экономикалық орталықтарында әртүрлі реакция тудырды.
Ресей президенті Владимир Путин Дональд Трампқа үндеу жолдап, Трамптың президенттігі кезінде Мәскеудің Америкамен байланысын қалпына келтірудің маңыздылығын қуаттады.
Еуропа Одағының сыртқы саясат жетекшісі Федерика Могерини де Еуропа Одағының Америкамен ынтымақтастықтарын жалғастыратынын мәлімдеді.
Франция президенті Франсуа Олланд Америкадағы президенттік сайлауда Дональд Трамптың жеңіске жетуіне көрсеткен реакцияда: «Трамптың сайлануы демократиялық қағидалардың күшеюіне көмектесуі керек» деді.
Бельгия премьер министрінің орынбасары әрі Сыртқы істер министрі Дидье Рейндерс Америкадағы президенттік сайлаудағы Трамптың жеңісіне сілтеме жасап: «Сайлау бәсекелестігінің үдерісі, дөңгелек үстелдер мен пікірталастарда үміткерлердің бір- біріне шүйлігуі адамды қатты қапаландыратын, бірақ қалай болғанда да америкалықтар сайлауға қатысты» деп, Трамптың осы ел халқының диалогы мен бірлігі үшін жағдай жасауына үміт білдірді.