Трамп президенттік сайлауда жеңіске жетті
(last modified Thu, 10 Nov 2016 02:46:59 GMT )
Қар 10, 2016 08:46 Asia/Almaty
  • Трамп президенттік сайлауда жеңіске жетті

Дональд Трамп бірнеше ай көптеген саяси, экономикалық және қоғамдық дағдарыстардан зардап шеккендерді қорғап сөйлеп, Ақ үйге аяқ басты.

Трамптың жеңісі көптеген болжамдар мен сауалнамалар және саяси-ғылыми саланың сарапшыларының пікірлеріне қайшы болды. Алайда мұндай нәтижені түсінуге болады. АҚШ-та «Америкалық арман» орындалмады, президент пен Конгреске деген қоғамдық сенім төмендеді» деп жарияланған соң  күндердің бірінде бұл қоғамдық ызаның сыртқа шығатыны анық болды.

2016-шы жылдың сайлауы барлық партиялар мен саяси ағымдар үшін дәл осы орын маңызды болғанымен АҚШ-ның дауыс берушілерінің біразының, соның ішінде пікірлерімен санаспайтын немесе айқайлайтын дауысы жоқтардың пікірінше бұл сайлау өлім мен өмірдің дау-дамайы болды. Осы күні миллиондаған америкалықтардың жүрегінде өткеннің қателері түзетіледі деген үміт пайда болды. Трамптың жақтастары оның елдің экономикалық жағдайын жақсарту, жұмыс орындарын ашу, мамандардың басқа елдерге кетуінің алдын алу және шетелдік шығындардың мөлшерін азайту сынды уәделерін орындайды деп үміттенуде. Сонымен бірге заңсыз мигранттарды елден шығарып жіберу, олардың АҚШ-на кіруінің алдын алу және лаңкестік қоқан-лоққылар, әсіресе ДАИШ тобымен шынайы күресу АҚШ-тың келесі үкіметінің жұмыс кестесіне кіреді. Трамптың өз уәделерін орындайтын  немесе орындай алмайтындығы әлі белгісіз. АҚШ-тағы саяси дәстүр бойынша сайланған президенттер сайлауда жеңіске жеткеннен кейін өздерінің кейбір уәделерін ұмытады немесе әртүрлі сылтаулармен оларды орындаудан бас тартады. Сондықтан Трамп жеңісінің келесі күнінен кейін-ақ жанжал тудырған уәделерінің көбін орындамауы мүмкін. АҚШ-тың қазіргі Президенті Барак Обама 2008-ші жылы атышулы Гуантанама абақтысын жабу, трансаймақтық соғыстарға қатыспау және заңсыз мигранттардың мәселесін шешу уәделерімен жеңіске жеткен болатын. Бірақ ол сайлауалды уәделерінің ешбіреуін орындамады. Сол себепті Трамптың кейбір уәделерінің де тағдыры соларға ұқсас болуы мүмкін.

Қалай болғанда да, тіпті, егер Трамп өзінің барлық бағдарламаларын іске асырғысы келсе де, осыған дейін өзі Вашингтон мен Нью-Йорктегі шіріген саяси-экономикалық ұйымдар деп атаған органдардың қатаң қарсылығымен кезігеді. АҚШ-ты билеп отырған олигархтар ашулы топтарға   бағынбайды және әртүрлі сылтаулармен қоғамдағы жаңа талаптарды бұрмалайды немесе жояды. Мұндай жағдайда Трамптың уәделерінің нәтижеге жетпеуі қоғамдық бейберекеттіктерге жол ашуы мүмкін.