Зариф Иран мен Словенияның қарым-қатынастарындағы кедергілерді жою қажеттігін қуаттады
Иранның Сыртқы істер министрі Иран мен Словенияның арасындағы саяси, экономикалық және сауда байланыстары мен ынтымақтастықтарын кеңейту жолындағы кедергілерді жою қажеттігін қуаттады.
ИРНА-ның хабарлауынша, Иранның Сыртқы істер министрі Мұхаммад Джавад Зариф бейсенбі күні Братиславада Словенияның Сыртқы істер министрі Мирослав Лайчакпен өткізген ортақ ақпарат отырысында: "Теһран Иран мен Словенияның мүмкіндіктерін бірлесіп пайдалану шеңберінде екі елдің қарым-қатынастарындағы кедергілерді жоюға бар күшін салады" деді.
Зариф Дональд Трамптың АҚШ-тың президенті ретінде сайлануынан кейін "Ортақ қадам" бағдарламасының жүзеге асырылуы туралы: "Бұл тек Иран мен АҚШ арасындағы келісім емес. Оған Ресей мен Қытай сияқты басқа елдер де қол қойды" деді.
Иранның Сыртқы істер министрі Сирияның болашағы туралы айтқан сөзінде: "Барлық елдер Сирия дағдарысының тек саяси жолмен шешілетінін қабылдауы керек. Елдер Сирияның қиындықтарына бұл мәселені бір айқын шешім жолына жеткізе алатындай көзқараспен қарауы керек" деді.