Ресей Трамппен сайлауалды науқанында қарым-қатынас жасады
Ресей Сыртқы істер министрінің орынбасары президенттік сайлауалды тартыстары кезінде Мәскеудің АҚШ-тың сайланған президенті Дональд Трамптың кейбір жақындарымен қатынас жасағанын мәлімдеді.
ИРНА-ның хабарлауынша, Ресей Сыртқы істер министрінің орынбасары Сергей Рябков бейсенбі күні Интерфакс ақпарат агенттігіне берген сұхбатында: "Мәскеудің Трамптың жақындарымен байланыстары әлі де жалғасуда. Бұл байланыстар қатардағы мәселелерді қамтығанымен, кейбір тараптар оларды жалған қауесеттерге айналдырды" деді.
Трамп АҚШ-тың сайлауалды бәсекелестіктері барысында Путинді Обамаға қарсы құдіретті басшы ретінде дәріптеумен қатар, Ресейге қатысты достық ұстанымдарды тіпті халықаралық мәселелерге қарай тартып, Вашингтон мен Мәскеу арасындағы текетіресті азайтумен қатар өзара қатынас жасауды пайдалы деп сипаттады.
Мәскеу мен Вашингтонның қарым-қатынастары 2014 жылдан бастап НАТО-ның, әсіресе, АҚШ күштерінің Еуропаның шығысы мен Балтық теңізі аймағында кеңейтілуі мен Сирия жағдайына байланысты нашарлап кетті.