Бруджерди: АҚШ "Ортақ қадам" бағдарламасындағы міндеттеріне берік болсын
https://itolqyn.com/news/world-i17800
Иран Ислам кеңесі мәжілісінің ұлттық қауіпсіздік және сыртқы саясат комиссиясының төрағасы АҚШ-тың болашақ үкіметін "Ортақ қадам" бағдарламасын жүзеге асырудағы өзінің міндеттеріне берік болуға шақырды.
(last modified 2025-01-08T10:35:21+00:00 )
Қар 11, 2016 20:45 Asia/Almaty
  • Бруджерди: АҚШ

Иран Ислам кеңесі мәжілісінің ұлттық қауіпсіздік және сыртқы саясат комиссиясының төрағасы АҚШ-тың болашақ үкіметін "Ортақ қадам" бағдарламасын жүзеге асырудағы өзінің міндеттеріне берік болуға шақырды.

Бруджерди АКШ-тың міндет бұзушылығы туралы айтып: "Бүгінде Палестина, Ирак, Ауғанстан, Сирия мен Йемен халқына жасалып жатқан зұлымдықтар сияқты рақымсыз шаралар халықтардың АҚШ-қа пессимистік көзқараспен қарауына себеп болды" деді.

Иран Ислам кеңесі мәжілісінің ұлттық қауіпсіздік және сыртқы саясат комиссиясының төрағасы сонымен қатар Сауд әулеті режимінің АҚШ-тың қолдауынсыз Йеменге шабуыл жасауға мүмкіндігі жетпеуі туралы айтып: "Бүгінде осы елдің бейкүнә халқына жасалып жатқан қылмыстар мен қырып-жою әрекеттері Вашингтонның аймақтық елдердегі гибридтік соғыстарының салдары" деді.