Портлендтегі Трампқа қарсы шерулерде бір америкалық азамат қаза болды
(last modified Sat, 12 Nov 2016 15:27:30 GMT )
Қар 12, 2016 21:27 Asia/Almaty
  • Портлендтегі Трампқа қарсы шерулерде бір америкалық азамат қаза болды

Полиция қайраткерлері Орегон штатына қарасты Портленд қаласындағы Американың сайланған президентіне қарсы шерулерде бір адамның қаза болғанын мәлімдеді.

Полиция қайраткерлері жұма күні Америкадағы президенттік сайлаудағы Дональд Трамптың жеңісіне наразылық білдірген шерушілердің бірінің қазаға ұшырағанын мәлімдеді. Осы шерулер барысында бір азамат жараланды. Америка халқының шерулері Дональд Трамптың АҚШ президенті болып сайлануына наразылықтағы түрлі қалаларда, соның ішінде Лос-Анджелес пен Филадельфияда өтті. Наразылар сондай-ақ үшінші түн қатарынан Американың бірнеше қаласында осы елдің сайланған президентіне қарсы наразылық жиындарын өткізді. Сәрсенбі күні Америкадағы президенттік сайлаудың нәтижесі жарияланып Дональд Трамп жеңіске жеткен кезден бастап осы елдің түрлі қалаларында наразылық шерулері өтуде.