Трампқа қарсы шерулерде екі полиция қызметкері жараланды
АҚШ-тың жаңа сайланған Президентіне қарсы наразылықтар барысында Индиана штатында екі полиция қызметкері жараланды.
ИИР Телерадио бірлестігі ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, АҚШ-тың Индиана штатындағы қайраткерлері сенбі күні Индианаполис қаласында АҚШ-тың жаңа сайланған Президенті Дональд Трампқа қарсы шерулер барысында екі полиция офицерінің жараланғанын хабарлады.
Шерулерде полиция наразыларды тарқату үшін көзден жас ағызатын газ қолданып, үш адамды қамауға алды.
Сонымен қатар, «Лос-Анджелес Таймс» газеті Лос-Анджелес қаласында президенттік сайлауда Дональд Трамптың жеңгеніне наразы кемінде 150 адамның қамауға алынғанын хабарлады. Осы газеттің жазуынша, 3 мыңға жуық адам қатысқан Лос-Анджелес қаласындағы шеруде наразылар «Трамп менің президентім емес» деген ұрандар айтқан.
Сонымен қатар 3 млн-ға жуық америкалық бір хатқа қол қойып, Сайлау коллегиясынан штаттардың дауыстарын ескермей, осы сайлаудағы демократтардың үміткері Хиллари Клинтонды елдің Президенті ретінде таныстыруды сұрады.